ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға дайын

214

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай бастаған топ Шымкентте кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында Жаңа Қазақстанның өркендеуі үшін кәсіпкерлік саласын дамытудың жолдары пысықталып, туындаған проблемаларды шешу бойынша ой пікірлер айтылды.

Қазақстан Кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа құрамы, Шымкент қалалық Ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлердің басын қосып, жиын өткізді. Еліміздің экономикасын дамытуда шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі орасан. Сондықтан, айтулы қауымдастық жергілікті кәсіпкерлерге бизнесін жандандыру бағытында қолдау көрсетуге дайын.

Абдулла Исматуллаев, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті: «Бүгінде кәсібін дөңгелетемін деген  азаматтар  бюрократиялық кедергілердің кесірінен бизнесін аша алмай, әбігерге түседі. . Бірінші міндетіміз сондай проблемалардың алдын алу біз өзіміз тарапынан көмектесеміз. Кәсіпкерлермен басқосуда президент  экономикалық дамудың басты тетігі- шағын және орта бизнесті қолдау қажет екенін кезекті рет дөп басып айтты. Бұл бағытта қазір жұмысты бастаймыз»7

Бүгінде кәсібін ашамын деген азаматтарды қолдау бағытында кәспкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Жиында Қайрат Айтбай кәсіпкерлерді қауымдастық мүшелерімен жеке таныстырды. Сонымен қатар, шымкенттік кәсіпкерлерге, туындаған кез-келген мәселе бойынша тікелей байланысуға шақырды.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері еліміздегі экономикалық өзгерістерді қолдап, қай сала болмасын белсенділік танытуға сенім білдірді

Шынар Оразова