«Референдум туралы» Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар белгілі болды

85

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттің тəуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»;

2) 28-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырыл сын;

3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда