Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары жастармен кездесті

132

31-мамыр репрессия құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, қаладағы Әл-Фараби кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары жастармен арнайы кездесу өткізді.

Жиында Шымкентте құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы жұмысшы тобының зерттеушілері, репрессия құрбандары туралы зерттеу-мақалалар жарияланған жинақты таныстырды.

Ұйымдастырушылар кездесудің басты мақсаты — зұлмат жылдардың тарихын, сол кезеңдерде құрбан болған қазақ зиялыларының өмірін тереңірек насихаттау, және сол туралы жастарға толыққанды мағлұмат беру дейді.

Айта кетейік, қылышынан қан тамған сол бір қатігез жылдары оңтүстік өңірден 7500-ге жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілген. Қазіргі таңда олардың тек 2000-нан астамы анықталған.

Гүлмира Серікбаева, Шымкент қаласы «саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі директорының орынбасары: «Кешегі зобалаңда ашаршылықтан 6 млн ата-бабамыздың аштан өлгендігін, 113 мыңдай қуғын-сүргінге ұшырағандығын, оның ішінде 25 мыңға жуығы атылғандығын, Шымкент қаласында 2500-дай адам сүйегінің жатқандығын әрбір ұрпақ білетін болса, ол туды да көзінің қарашығындай қастерлер еді».

 Гүлдана Дәурен