Шымкентте экскаватордың кесірінен 2200 үй мен мектеп газсыз қалды

0

Оқыс оқиға 10 мамыр күні кешкі сағат 22:00 шамасында «Нұрсәт» шағынауданында болған. Жер қазу жұмыстары кезінде «Тендер» серіктестігінің «SOLG» трактор-экскаваторы жер асты орта қысымды газ құбырын зақымдап, нәтижесінде диаметрі 160 мм газ құбырында ұзындығы 70 мм, ені 50 мм тесік пайда болған.

Жедел топ газдың шығуын анықтады. Газ қызметі мамандарының мәліметінше, 2200 үй, 20 коммуналдық қызмет және бір мектеп газсыз қалды.