Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 16 сессиясында «Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экоологиялық мәселелерді реттеу» мәселесі қаралған болатын.
Шаһарда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов баяндаған еді.
Қаланың «Шымсити» шағынауданына аумағы 40 га болатын саябағы, «Тұран» шағынауданында 37 гектар, «Сәуле» шағынауданында 2,5 га саябақтың жобалық-сметалық құжаттары құрылыс басқармасымен әзірленуде.
Еңбекші ауданында 12 шағынауданда аумағы 1,6 га болатын саябақтың құрылысы жүргізілуде. Ол нысандар ағымдағы жылдың қыркүйегінде пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың бас жоспарында жаңадан құрылатын шағын аудандарында саябақ, гүлзарлар салу қаралған.
Қала аумағындағы 160 га жуық шатқалдарды көгалдандыру қаланың бас жоспарына енгізілді. Бюджет қаражатынсыз жеке инвесторлар мен қаладағы барлық шатқалдарды мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында дамыту жоспарлануда. Себебі, мемлекеттік сатып алу шарттарының қысқа мерзімділігі жұмыстарды сапалы орындауға мүмкіндік бермейді.
Шынар Оразова