Оқиға салдарынан бір әйел қаза тауып, тағы 5 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ОТЫРАР.
17 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында Республика мен Ш. Қалдаяқов көшелерінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. «ОТЫРАР» телеарнасы «Жедел шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, қиылыста Toyota Land Cruiser және Mercedes маркалы екі көлік соқтығысқан.
Көліктердің бірінде жаңа туған нәресте болған. Отбасы ауруханадан үйіне қайтып келе жатқан. Бес адам №1 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы әзірге белгісіз.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.