Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен дилерлік орталық ашылды

128

Шымкентте жаңа «Лексус» орталығы ашылды. Автосалонда келушілерге таңдау көп. Өйткені, бұл Қазақстандағы Lexus автокөлігін сату бойынша ең ірі дилерлік орталық болмақ. Сонымен қатар, сатып алушыларға көліктің майын ауыстырудан бастап барлық жөндеу қызметі қолжетімді.

Шымкентте Қазақстандағы ең ірі «Лексус» дилерлік орталығы ашылды. Ашылу салтанатына арнайы өнерпаздар мен қонақтар шақырылды.

Нұрсұлтан Есмұрзаев, «Лексус Шымкент» дилерлік орталығының директоры: «Бүгін бізде Қазақстан бойынша ең ірі дилерлік орталықтың ашылуы болып жатыр. Бұл орталықта жаңа автомобильдер көп. Таңдау бар. Цехтың өнімділігі 350 сағатты құрайды. Ал кузов цехы айына 100 көлікті өңдейді».

Мұнда бірнеше цех Lexus сатып алушыларына жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Көлігіңіздің майын ауыстырып, бояу жұмыстарын қажет етсе дилерлік орталық кез-келген техникалық қызмет көрсетуге дайын. Мұндағы мамандар автомобильіңізді егжей-тегжейлі тексерістен өткізіп береді. Келушілердің пікірінше, элиталық орталықтан қызмет алғысы келетіндер қатары көп.

Ергали Сариев, қонақ: «Менің ойымша, бұл орталық үшінші мегаполис менталитетіне сай келеді. Өйткені, Шымкентте халық тығыз орналасқан. Сәйкесінше, сұраныс та көп. Сондай-ақ Қазақстанда жоғары сапалы көліктерге қызығушылық басым. Мұндай сапалы көлікті алғысы келетіндер да баршылық деп ойлаймын».

Лексус автокөлігінің бәсекелестеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: автомобильдер тек өндірілген жерде ғана құрастырылып шығады және бірнеше жыл иелеріне адал қызмет етеді.

Нұрсұлтан Есиұрзаев «Лексус Шымкент» дилерлік орталығының директоры: «Көліктер Жапонияда құрастырылады, барлық бөлшектер мен ұсақ-түйектермен егжей-тегжейлі айналысатын «Токуми» шеберлері бар. Көліктер өте керемет және әдемі».

Бұл орталық барлық еуропалық стандартқа сай жабдықталған. Ерекшелігі – тенденцияға сай, орталық 24 сағат бойы электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын күн батареяларының 102 данасымен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда жаңа және ескі көліктердің кең ассортименті бар!

Мекен жайы: Байдибек би даңғылы 132, Тел: 8(7252)555-252, Сайт: lexus-shymkent.kz, Инста: lexus-shymkent