Шымкентте жасөспірім карьер шұңқырындағы суға батып, көз жұмды

0

Оның мәйітін жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері шығарып алды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше, 2 мамыр күні сағат 14:45 шамасында болған.

«Қайтпас-1» шағынауданында 15 жастағы бала суға шомылуға жабдықталмаған шұңқырға түскен. Қараусыз қалған карьерлік қазаншұңқырда жерасты сулары көтерілген тұстары пайда болған. Артынша бала белгісіз жағдайда суға құлап, батып кеткен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына келіп, су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күндізгі сағат 16:20 кезінде суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты.

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның себебі нақтылануда. Қаратау ауданының полициясы сот-медициналық сараптама тағайындап, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.