Спорт саласы

18

2021 жылдың есепті кезеңіне дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2%-ын құрайды.
Шымкент қаласында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы іске асырылуда.
Биылғы жылы спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 339,8 млн. теңге қаржы бағытталды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 38 кәсіпкер 14 спорт түрі бойынша 9122 баланы жаттықтыруда.
Шымкент қаласында статистикалық есеп бойынша 890 спорттық нысан тіркелген.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда 115 спорт алаңшаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 14-і демеушілер есебінен жүргізілді. Қалған 101 спорт алаңшаның құрылыс жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, қаламызда 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
«Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионың реконструкциялау». Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.
«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу». Құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.
Шымкент қаласында 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Аталған мекемелерде спорттын 69 (36 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес, 9 ұлттық) түрі бойынша 18 242 спортшымен 1151 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
2021 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 415 алтын, 327 күміс, 367 қола медаль жеңіп алды.
Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 33 алтын, 28 күміс және 14 қол медальға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 4 алтын, 8 күміс және 5 қола, Әлем кубоктарында 9 алтын, 8 күміс және 16 қола медальға ие болды.
2021 жылдың 9 айында 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 144 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 270 спортшеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына Шымкент қаласынан жалпы 885 спортшы енген. Оның ішінде, негізгі құрамына 416 спортшы, жастар құрамасында 268 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 201 спортшы.
Токио қаласында өткен ХХХІІ-Жазғы Олимпиада Ойындарына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы сапына енген Шымкент қаласының 10 спортшысы қатысып, нәтижесінде екі спортшы қола жүлде иеленді және бір спортшымыз бесінші орын алды.
Сондай-ақ, Жазғы Паралимпиада Ойындарына жүзу спорт түрінен Агалаков Роман қатысты.
Әр төрт жылда бір рет болатын Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық ойындары 36 түрі бойынша өтіп, жалпы командалық есепте Шымкент қаласының құрама командасы 1004 ұпаймен 2-орынды жеңіп алды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова