Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

100

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ОТЫРАР. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты құрылыс компаниясындағы сыбайласы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу барысында жеңімпаз деп  тануға көмектескені үшін 4 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, Түркістан қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.