Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті

0

Ұрлық жасаған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Белгілі болғандай, 11 мамырда мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген айыпталушы тергеу изоляторынан қашып кеткен.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқан адамды іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді», – деді Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті өкілдері.

Күдіктінің қалай және қайда қашқаны әзірге белгісіз.