Зайсаннан Қытайға газ экспорты тоқтатылды.
Осылайша тұрғындардың талап-тілегі ескерілді. Журналистердің сауалына Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп жауап берді. Кеше ғана өңір халқы биліктегілерден көгілдір отынның көрші елге тасымалдануын тоқтатуды талап еткен еді. Өйткені қор азайып барады. Министрдің айтуынша, ондағы газ көлемі 12 жылға дейін жетеді. Бірақ, оңды-солды жұмсайтын болса, онда небәрі 5 жылдың ішінде таусылып қалады.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі: «Қазір қалған газдың көлемі 300-400 млн текше метрді құрайды. Ал жылдық тұтыну осы Зайсан ауданында 20-25 млн текше метр. Сондықтан 11-12 жылға дейін жетеді. Бірақ, ол да шектеулі. Ертең кен орындарында газ таусылғаннан кейін не істейміз деп мәселені көтеріп жатырмыз қазір. Газбен жабдықтау мәселесін шешу керек. Бірақ, ол бірнеше жылды қажет етеді».
Шынар Оразова