Альфа банк басқа атаумен жұмысын жалғастырады

0

Альфа банк өзге қаржы ұйымының құрамына өтіп, басқа атауамен жұмысын жалғастырады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Қазақстандағы ресейлік еншілес банктерге қатысты осындай пікір білдірді.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қазір мұндай банктердің депозитінде жеке және заңды тұлғалардың 500 миллиард теңгесі сақтаулы. Әрі 2 триллион теңгеге жуық несие портфелі бар.

Агенттік басшысы, банктер төлем жасауға қабілетті, клиенттер алдындағы міндеттемелерін толық орындайды және қаржы ұйымдарының тұрақсыздығы туралы мәселе мүлдем жоқ дейді. Ал қызметін тоқтатқан Альфа банк өзге қаржы ұйымының құрамына өтіп, басқа атаумен жұмысын жалғастыра береді деді.

Шынар Оразова