Ақмола облысы Целиноград ауданындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Орталықта қарт адамдар тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметіне сай, күдіктілер орталықтағы азаматтардың келісімінсіз, сенімхаттарды пайдаланып ақшаларын өз мақсатына жұмсаған.
Мұнан бөлек, мекемеге 2019-21 жылдары тек қағаз жүзінде адамдар жұмысқа орналасып, жалақы алып келген. Ал шын мәнінде жұмыс істемеген. Бюджетке келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асады.
Шынар Оразова