Үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несие алуға мүмкіндігі бар. 19 шілдеге дейін отбасы банктің ресми сайтына кіріп, ипотекалық несие алуға өтініш беруге болады.
Бағдарлама 2 пайызбен 20 жылға дейін баспана сатып алуға кредит береді. Бастапқы жарнасы – 10%. Қаржыға жаңа үйлерді де, нарықта бұрыннан бар баспананы да сатып алуға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау тұрғындары 15 млн теңгеге дейін қарыз ала алады.
Қалған өңірдегі азаматтар үшін несие көлемі 10 млн теңгеден аспауы қажет. 2 пайыздық ипотека көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы толық емес отбасы мүшелеріне беріледі.
Шынар Оразова