Биыл Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады

53

Абай ауданында 2014 жылдан бері 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. Ал өткен жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды. Биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.

                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева