Дизельдің бағасы шарықтап барады

38

Елде дизельдің бағасы шарықтап кетті. Energyprom сарапшыларының зерттеуіне сай, жыл басынан бері бензин 5, ал солярка бірден 42 пайызға қымбаттаған. Бұған бағаның әлем бойынша көтеріліп, сұраныстың артуы себеп.

Қазір мұнай бағасы аспандап тұр. Оның үстіне инфляция тағы бар. Ал жанармай құнымен қоса, өндіріс көлемі де артып келеді. Мәселен, биыл бір жарым миллион тонна жанармай шығарылды. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда 4 процентке артық.

Тапшылық пен құнның бірден шарықтауына жол бермеу үшін жауапты министрлік мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға тыйым салған еді.

Шынар Оразова