Инфляция 15 пайызға жетуі мүмкін

87

Елімізде инфляция 15 пайызға жетуі мүмкін. Өйткені, тауар бағасы көтеріліп, инфляциялық қысым әлі сақталып отыр.

Мәселен бір жылда азық-түлік құны 19 процентке қымбаттаған. Ұлттық банк төрағасының айтуынша қазір инфляция 14 пайыз. Ал келер жылы ол 9,5 пайызға дейін түседі деген болжам бар. Бірақ мұның іске асуына геосаяси ахуал кедергі келтіруі ғажап емес дейді Ғалымжан Пірматов.

Бұдан бөлек, ақылы қызметтер инфляциясының өсуіне жол бермеу үшін ішінара мораторий енгізілгені белгілі. Оның мерзімі жақында аяқталатындықтан, коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін.

Шынар Оразова