Кентау қаласының тұрғындары балконға ту іліп, әнұранды орындады

54

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жоғары деңгейде аталып өтіп жатыр.

Әрбір аудан, қалада рәміздер күніне арналған дәстүрлі автошеру ұйымдастырылды.
Ал, Кентау қаласында тұрғындар көпқабатты үйлердің балконына ту іліп, әнұранды шырқады.

«Өскелең ұрпаққа осындай мереке бар екенін және мемлекеттік рәміздер біздің мақтанышымыз екенін көрсету, жеткізу маңызды. Біз осы шеру арқылы патриотизмді көрсеткіміз келді. Бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек», — дейді қала тұрғыны Қанат Бекметов.

Қалада «Мемлекеттік рәміздер — ел мәртебесі» іс шарасы өтті.
Онда қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев қала тұрғындарын рәміздеріміздің 30 жылдығымен құттықтады.
Іс-шара Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Жастар Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын патриоттық әндер шырқады.