Кентаудың негізгі Яссауи көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта ауыз су мен табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілген орындар да қалпына келтіріледі. Кентау қаласында сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында, жолда жүру ережесін сақтау мақсатында автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау камералары орнатылған.
Сержан Нарбек, Кентау қаласы әкімдігінің ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету, мониторинг бөлімі басшысы: «Сергек»- 20 жерге 42 данасы орнатылды. Қала аумағында көліктердің жылдамдығын асырмауда таптырмайтын жабдық».
Аймақта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мысалы, Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге жалпы ЖСҚ -96 млн. теңгені құраса, республикалық бюджеттен 87,2 млн. теңгесі қаралған. Қазір мердігер мекеме анықталып, техникалық қадағалушы мекемемен келісімшартқа тұру жұмыстары жүргізілуде.
Субвенция есебінен қаланың жолдарын жөндеуге 7 көшеге 259 млн. теңге қаралған. Жамбыл, Құралбаев көшелерін орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Д. Қонаев көшесін Түркістандағы Халықаралық әуежайға баратын айналма жолға қосу бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысанның жобалау -сметалық құны 2 млрд 92 млн теңге. Сонымен қатар аймақта бағдаршамдар орнату жұмыстары да жалғасады.
Шынар Оразова