Кентауда көпқабатты үйден өрт шығып, 1 бала мерт болды

88

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Салдарынан 8 жасар бала 5 қабаттан секіріп кетіп, ауруханада қаза тапты.

Сондай-ақ, 30 тұрғын өз күшімен қауіпсіз аймаққа қашып шыққан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша қалалық өрт сөндіру бөліміне қабар сағат 12:50 де келіп түскен. Ал қызыл жалын 13:10 да толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 5 техника мен 15 қызметкер жұмылдырылған.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары: «Біздің құтқарушылар жеткенге дейін өкінішке орай өртеніп жатқан пәтерден 20014 жылғы бала секіріп кетіп, дене жарақатын алған. Кейін ауруханада 15:00-де қайтыс болды деген қабар түсті. Сол пәтердің тұрғынын 2012 жылғы қыз құтқарылды. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Жалпы өрт 13:10-да оқшауланып, толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өттің себеп салдары анықталуда».

Қазіргі таңда өрттен зардап шеккен отбасыға жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Сонымен қатар оқыс оқиғаның салдарынан шығынға ұшыраған үй егелеріне Кентау қаласындағы жомарт жандар тарапынан да материалдық көмек ұйымдастырылып, қолдау көрсетілетін болады.

Жанна Әлімбай, Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы: «Әкімдік тарапынан шатырларды ретке келтіру жұмыстары атқарылуда. Өрт кезінде балалардың құжаттары өртеніп кетуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар атқарылатын болады. Сондай-ақ, Кентау қаласының жанашырлары тарапынан өрттен зардап шеккен отбасы мүшелеріне материалдық көмектер ұйымдастырылуда».

Әсел Мәлік