1 шілдеде коммуналдық қызметтерге енгізілген мораторий аяқталады.
![](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2020/02/vlcsnap-2020-02-24-12h42m34s036-696x392.jpg)
Азық-түлік бағасының күн санап өсіп жатқанынан хабардар халық, енді су, газ, электр энергиясы мен жылудың тарифтері де қымбаттап кетеді ме деп уайымдап отыр.
Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» мекемесімен бірге орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынатын және жылуды есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізді.
Дархан Қайынбердиев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «Жылу энергиясы бойынша жұмыс жүргіздік. Бізде қыста жылу болды өздеріңіз білесіздер. Сол үшін біз әкімдікпен бекітілген нормаға сәйкес және нақты болған температура екеуінің айырмашылығы жылы болғандықтан, тұтушыларға ақша қайтарады. Ол 28 млн. теңге төңірегінде. Бұл қаржы ағымдағы жылдағы қарашада тұтынушылардың түбіртегінде көрсетіледі. Бұл бір шаршы метрге бөлінген кезде 10 теңге 90 тиын болады».
Департамент басшысы алда коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты бірқатар өзгерістер болуы мүмкін екенін айтады. Алайда, қызмет ақысына қатысты кез-келген жаңалықтан тұтынушыларды міндетті түрде хабардар етіп отырамыз,- дейді маман.
Шынар Оразова