“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұталардың астынан қазылған шұңқырға есірткі затын тығып жатқан екі жігітті ұстады.
Олардың жеке басын тінту кезінде жас жігіттердің қалтасынан 168 бума синтетикалық есірткі салынған скотчпен оралған 6 пакет табылды. Есірткі қаптаушылар мұндай пакеттерді есірткі қоюшылар үшін арнайы жасырын жерлерде тастап жүргені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту барысында экстази таблеткалары салынған 52 полиэтилен пакеті, ұнтақталған мефедрон, гашиш табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, пәтерден есірткіні орап, қаптауға арналған таразылар, термоусадка және скотч табылды. Тәркіленген «синтетиканың» жалпы салмағы 300 граммнан асады. Тергеу барысында күдіктілер есірткіні Шымкент қаласында ғана емес, Түркістан облысының аумағында да таратып жүргені анықталды.
Қазіргі таңда полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы “Есірткі, психотроптық заттарды,сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Заң бойынша бұл қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері есірткінің кез келген заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.