Мемлекетке 490 млн. теңгеден астам ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды

14

Елордада екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жасап, мемлекетке 490 миллион теңгеден астам аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, көлеңкелі экономикада түрлі қылмыстар жасаған 7 күдікті ұсталған.

Оны айыпталушы Хан Виталий басқарған. Ол өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында, осындай айлаға барған. Енді төленбеген салықтар камералдық бақылау және салық тексерістері арқылы өндіріледі.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: «Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге – 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Шынар Оразова