Шымкентте 17-18 маусым күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Полиция департаментінің қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді.
Шараның басты мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру әрі мәселесін уақтылы шешуге көмектесу.
Акция Қаратау ауданы бойынша Сайрам шағынауданында, ал Абай ауданы бойынша Ынтымақ шағынауданында өтеді. Сонымен қатар, азаматтар 8-777-424-07-32 нөміріне хабарласып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.