Қатар билігі Қазақстанмен авиация және туризм саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі

0

Дохада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі – жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясының тең төрағасы шейх Мұхаммед бин Хамад Әл Танидің кездесуі өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар экономиканы әртараптандыру, әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайда көлік-логистика саласын дамыту бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қозғады, сондай-ақ жоғары деңгейдегі Қазақстан-Қатар бірлескен комиссиясы шеңберінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Шынар Оразова