Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында жалақының өсуі бойынша көш бастады

0

Қазақстан ЕАЭО елдерінің арасында жалақының өсуі бойынша көш бастады. Бірінші тоқсанда Қазақстанда нақты жалақы 112,7%-ке өскен.

Осы жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде көтерілді.Оның мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар), Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) дейін құрады.Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).

Шынар Оразова