Сарыағаштық диқандар қарбызды жылыжайда өсіруде

117

Түркістан облысында жылыжайда өсіретін қиярдың орнын қарбыз алмастырды. Өңірлік диқандар бақша дақылын алдымен тәжірибе ретінде өсіре бастаған. Мамандардың айтуынша қарбыздар жылыжайға бірден бейімделмепті.

Тұқымдар бірінші сұрыпталып, оларға арнайы күтім мен топырақ таңдалып, сәуір айының соңында егілді. Үздіксіз тәжірибелер арқасында жаңа өнім алуға мүмкіндік туды. Әзірге қарбыздар өндіріске шықпады, алайда дихандар жұмыстарының жемісті боларына бек сенімді.

Бұл көкөністер Түркістан жылыжайлары үшін әлі де экзотикалық болып табылады. Бұған дейін диқандар қарбызды егістікте ғана өсіретін. Енді жыл бойына жермен де, сұрыптау арқылы да тәжірибе жасап, мол өнім алынбақ. Алғашқы қарбыздар пісіп те үлгерді.

Шаруалардың айтуынша, олар жылыжайда жақсы әрі тез піседі. Ол үшін 55 күн жеткілікті. Ал тәжірибеден өткен мына жемістер 2 аптадан кейін жиналады. Видади Мамедов өзінің 18 гектар жерінде тәжірибе жасауды жалғастыруда: ол күннің көзін жарық шамдарымен алмастырған, сондай-ақ жемістерді табиғи жолмен жылыту үшін жылыжайда электр саңылауларын жасады.

«Жаңа технология мен дұрыс күтім жасауды үйренсе, бақша дақылын жылыжайда кез келген адам өсіре алады» дейді шаруа. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын мұнда қарбыз өсіріп шығады дегенге ешкім сенбеген. Кәсіптің көзін тапқан бұл жерге қазір көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілері өздері іздеп келеді екен.

Сарыағашта тәжірибе жұмысы әлі де зерттеліп жатыр. Айта кетейік, аталған қала 683 гектар жылыжайды игерген мекен ретінде танымал.

Видади Мамедов жұмысынан көп үміт күткенмен, алғашында максималды нәтижеге қол жеткізе алмаған. Сондықтан ол қателермен қайта жұмыс жасап, көкөністі өсіру стратегиясын өзгертеді. Басында көрші жылыжайларда қызанақ және болгар бұрышымен тәжірибе жүргізіп бастаған ол енді аймақ тұрғындарын жаңа сұрып түрлерімен таң қалдырғысы келеді.

Әсел Мәлік