Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтарумен арнайы комиссия айналысады

114

Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссияның құрамына кімдердің кіргені белгілі болды.

Бұл іспен Бас прокурор және оның орынбасары, Ұлттық банк төрағасы мен премьер-министрдің орынбасарлары, Самұрық-қазына басшысы мен Бәсекелестікті қорғау, Қаржы нарығын реттеу, Қаржы мониторингі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің төрағалары кіреді.

Және ішкі істер мен әділет министрі де шекара асқан миллиардтарды елге қайтарумен айналыспақ.

Шынар Оразова