Шымкентте Адырбеков көшесін жөндеу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанды аралап, жұмыс барысын тексерді.
Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдар орнату көзделген.
Қазіргі таңда жұмыстың 45 пайызы орындалған. Жалпы нысан құрылысының аяқталуы 2023 жылға өтпелі.
Мөлдір Ибадуллаева