Шымкентте балабақша меңгерушілері 45,7 млн. теңге жымқырды деген күдікке ілікті

66

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың сабаққа қатысу есебіне дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн. теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікпен мектепке дейінгі мекемелердің басшылары күдікке ілінді.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.