Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Мухаммед Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясына барып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылады.
Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Сондықтан қазіргі таңда қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қарастырылған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған білім орласын 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мөлдір Ибадуллаева