Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, Шымкент қаласының Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-мамандары өздерінің қызметтік иттерімен және жасөспірімдермен бірге кинология орталығы аумағынан бастап қаланың Қапал батыр көшесі бойымен жүгіріп өтті.
Жүгірулер сайыс түрінде өткізілді. Шара барысында кинолог-мамандар арнайы есірткіге қарсы логотипі бар киімдерде болып, нашақорлыққа қарсы ұрандар айтылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға кинология қызметінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер оқылды. Қызметтік иттермен қарым-қатынас жасаудың дағдыларылары көрсетілді.
Із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша полицейлерге көмектесіп, пайдасын тигізіп жүрген қызметтік иттердің әрқайсысы таныстырылды. Әр түрлі жаттығулар жасатылып, шеберлігі тексерілді.
Жеті қазынаның біріне жататын иттердің осы күнге дейін көмегі тиген істері, қызықты оқиғалары жайында айтып өтілді.