Шымкенттегі 11-шағынауданда трансформатор өртенді

55

Шымкентте 11-шағынаудандағы Ш. Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан трансформатор өртенді.

Бұл туралы оқиға орнынан «Отырар телеарнасының тілшісі хабарлады. Белгісіз себептермен көшедегі трансформатор өртеніп, жалын ағаш тақтайлар мен құрғақ шөпке жайылған. Куәгерлердің сөзінше, өрт алдында газдың жарылған дауысы естілген.

Белгілі болғандай, трансформатор қазіргі уақытта жарығы жоқ жақын маңдағы үйлерді жарықпен қамтамасыз еткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің тобы өрт орнына аттанды.