Үшінші мегаполисте Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум басталды. 311 сайлау учаскесі ашылды. 18 жасқа толған 631 133 шымкенттік сайлауға құқылы.
Шымкенттегі Саз колледжіндегі №8 референдум учаскесінде 1744 адам дауыс беру құқығына ие. Ең бірінші болып Абай ауданының тұрғыны Юлия Стукова дауыс берді. Екінші болып әскери қызметкер Өмір Серіков дауыс берді. Бақылаушылар отыр. 7 комиссия мүшесі бар.
Еске сала кетейік, бүгін, 5 маусымда Қазақстанда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.