Түркістан: Жер телімдері, нысандар туралы мәліметті геопортал арқылы алу мүмкіндігі

176

Үй сатып алушылар мен сауда жүргізу үшін жер телімін іздеп жүргендер үшін жағымды жаңалық. Енді олар, жергілікті басқармаларға бармай-ақ үйде отырып ғаламтор арқылы Түркістан облысының геопорталындағы деректерге жүгініп, керекті ақпаратын ала алады. Электронды үлгідегі бұл қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және барлық жұмыстарды заң аясында ашық жүргізу мақсатында қолға алынып отыр.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының облыс, қала,аудандарда жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктерге жүктелген. Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін бос жер телімдері туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Президент пен үкіметтің тапсырмасын орындау мақсатында, жергілікті басқарма Түркістан облысының геопорталын жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Елнұр Өтебаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры бүгінгі таңда барлық салынып жатқан үйлер мен әлеуметтік нысандар, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары, инженерлік желілер цифрландырылды. Осылайша, картада толық ақпарат пен қатайтатын материалдар бар кез келген объектіні көруге болады. Геопортал арқылы жер телімдері,нысандар, электрондық сауда жайлы деректерді алуға болады».

Республикадағы жергілікті атқарушы органдардың геопорталы арасында, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы 14-ші орында болса, қазір 3-ші орында. Айта кетейік, жақында 4 ауданда космомониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, көлемі 45 мың гектардан астам 3 698 пайдаланылмай жатқан жер учаскесі анықталды.Олардың 1 761 өздігінен басып алынған жерлер болса, 531 мақсатсыз пайдаланылған.

Заңсыз салынған үйлерде осы жүйе арқылы көрініп тұрады. Сондықтан ол жер телімін сатып алмақ болған кәсіпкер бұл мәліметті біліп текеріп, сосын әрекет етеді. бос шығынға батпайды»,-дейді  Елнұр Өтебаев.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Цифрландыру – бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы деп атап өткен болатын. Сондықтан да, қызмет түрлерін қолжетімді ету бүгінгі заман талабы.

Елнұр Өтебаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы: «Электронды сауда тәжрибесі балмұздақ павильонын не типтік сауда нүктесін саламын десеңіз, электронды өтінімді беру арқылы рұқсатты электронды форматта аласыз. 5 жыл қадағалау болмайды. Өйткені, сіз барлығын заң аясында талаптарға сай электронды түрде рәсімдедіңіз. Сауда да, егерде бір азамат бизнесін ашпақ болса,  бұл жерде қандай мүмкіндіктер барын ол геопортал арқылы біледі».

Бүгінде ғылым жылдан жылға дамып, жаңа технологиялар бұқара халыққа қолжетімді бола бастады. Сондықтан, Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы бұл жобалармен шектеліп қалмайтыны анық.

Шынар Оразова