Түркістанда жасыл желекті суғару жұмыстарын күшейту қолға алынды

72

 Түркістанда жаз айларында жасыл желектерді суғаруды қарқынды әрі тиімді жүргізу мақсатында 3 ауысымдық жұмыс кестесі жасалды. Бүгінде күнгей өңірде саябақтар саны күн санап артып келеді. Сондықтан, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланы көгалдандыру, суландыру жұмысын одан әрі күшейтуді тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев,Түркістан облысының әкімі: «Барлық каналдарды жаяу аралап, көріп жүрмін. Егер шілде күні қаланы суландыра алмасақ, бұл іс дұрыс болмайды. Күнде таңертең әрбір су берілетін аумаққа барып, судың жіберілгенін назарда ұстау қажет. Біз қалаға қаншама гидранттар, каналдар салдық. Енді оған су бермесе, жауапты тұлғалар қадағаламаса іс өнбейді. Ағын суды есептеп, бақылау керек»
                                                                                      Мөлдір Ибадуллаева