Ұялы телефонды біреуге берген де өте қауіпті…

0

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 000 теңге несие рәсімдеген.

Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.