Заңға қайшы мазмұндағы интернет сайттар бұғатталуда

49

Есірткіні қолданудан болатын қылмыстар санының өсуіне оны насихаттайтын сайттардың тигізіп жүрген ықпалы мен қоздырғыш күші аз емес екені белгілі. Мұндай мазмұндағы жарнамалардың таралымын тоқтатудың басты жолы — оларды бұғаттау.

Осыған сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет желісінде есірткі заттарын насихаттайтын және жарнамалайтын парақшаларды анықтау мақсатында үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, осы мақсаттағы жұмыстарға кибер-еріктілер құрамы да жұмылдырылған.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 64 заңға қайшы мазмұндағы, есірткі заттарын насихаттайтын парақшалар анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді.
Айта кетейік көрсетілген парақшаларды жүйеге енгізген соң, оны бұғаттау барысында арнайы мамандармен саралау жұмыстары жүргізіліп, нақты әрі жеткілікті негіздер болған жағдайда бұғаттауға қорытынды келісім беріледі.
Бүгінде тәртіп сақшылары есірткіге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда.