Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жобасы аясында 63 грант бөлініп отыр. Бұл бағдарлама жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған. Яғни, бұл жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.
Айта кетейік, аталған жобада 1 млн теңгеге дейін грант беріледі.
Ерасыл Төлебаев, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры: «Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады».
Мөлдір Ибадуллаева