Абай аудандық ХҚО өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

27

Бұл ретте операторлардың қызметтері тұтынушыларға қолжетімді болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы Абай ауданындағы ХҚО ғимаратының жөнделуіне байланысты Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ғимарат 19 шілдеден  бастап жартылай жабылады. Жөндеу жұмыстары 40 күнге есептелген.

Жөндеу жұмыстарына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ғана қолжетімсіз болады. Қалған «қағаз» жүзіндегі қызметтерге келетін болсақ, клиенттер оларды осы бөлімде кедергісіз ала алады.

Абай аудандық ХҚО  бұрынғы режимде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қызмет алушылардан орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, электронды үкімет порталы арқылы eGov.kz сіз мемлекеттік қызметтерді  онлайн алуға болатынын  ұмытпаңыз. Сондай-ақ, «ХҚО» қосымшасы арқылы, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egovmobile қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да онлайн режимде алуға болады.