Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Әділдік Жолы» РҚБ атқарушы директоры орынбасары Н. Б. Мұқановпен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы аясында бұқаралық санаға «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын енгізу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі — Бірлестік) филиалдары құрылды.
«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметі — елдің тұрақты және жан-жақты прогресінің маңызды факторы екені атап өтілді.
Осыған байланысты, ҚР Президентінің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыруда «Әділдікті талап ет!» республикалық акциясы құрылуы жоспарлануда. Акцияның негізгі мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік көрсетіп, ахуалын қалыптастыру және бұл процеске ел азаматтарын жаппай тарту.
“Әділетті талап ет!» акциясын 2022 жылдың 10 тамызында бастап, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті тақырыптарды кезең-кезеңімен қамту жоспарланған. Бірінші кезеңде — автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтай отырып, автожол саласының проблемаларына назар аудару.