Айжан Есмағамбетова мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтты

105

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барды.

А.Есмағамбетова қалалық басқарманың қызметімен танысып, қызметкерлермен кездесіп, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, құтыру және COVID-19 сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мәселелерін қозғады.

Айжан Есмағамбетова облыс тұрғындары арасында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, рұқсат беру құжаттарын берумен байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ол тәжірибелі мамандардың біліктілігін арттыру және жастарға тәлімгерлік ету қажеттілігін атап өтті.

Содан кейін, ҚР ДСМ вице-министрі зертханалық зерттеулерді жоспарлау және материалдық-техникалық базаны жақсарту мәселелері талқыланған Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қаласындағы филиалына барды.