Шымкентте күннің аптап ыстығына қарамастан қала тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық сақшыларының жұмысы жазда қыза түседі. Себебі қоқыстар ұзақ уақыт жиналып қалса, жағымсыз иіс шыға бастайды. Халыққа қолайлы орта қалаптастыру мақсатын да бүгін де қала көшелері мен аялдамалар жуылап жатыр.
Әл-Фараби ауданында бас аяғы 404 көше бар, оның 102-сі басты жолдар. Халық тығыз шоғарланған аймақтардың тазалығын сақтау үшін күн сайын тоқтаусыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін «Бюлд строй» компаниясының 45 қызметкері Республика мен Ш. Қалдаяқов көшелері қиылысынан бастап, бірнеше көшенің аяқжолдары мен веложолдарын жуып шықты. Аталған мекеме қызметкері Сәкен Тұрғанбаев қаламызды таза ұстау біздің басты мақсатымыз дейді.
Сәкен Тұрғанбаев, «Build stroi” ЖШС қызметкері: «Бюилд стройда»жұмыс істеймін. Бізге өз участкемізді бөліп береді., бірқатары сыпырады, жуады, жәшіктерді тазалайтындары да бар. Мысалға бүгін міне біз 9-дан бастап жуып жатырмыз. Мына жәшіктердің алды май болып жатады. Адамдар балмұздақ, сағыз тастайды. Оның бәрі қоқыс болып сасып кетеді, жумаса болмайды. Міндетті түрде жуу керекпіз».
Сонымен қатар, аудан көшелерінде 218 аялдама орнатылған. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында еңбеккерлер аялдамаларды жуып, артық жарнамалардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Алдияр Мұсабаев, Әл-Фараби ауданы әкім орынбасары: Басты көшелерді жазғы уақытта күн ыстықта тұрмыстық қалдықтары төгіледі. Жолдың бәрі айғыз. Жүретін жолдар айғыз болғандықтан міндетті түрде жуып тұрамыз. Мысалы алдыңғы апта А. Байтұрсынов көшемсін жуып шыққанбыз. Енді Республика даңғылы мен Тауке хан көшелерін жуып жатырмыз. Қалдықтың ең көп шоғырланған жерін ең алдымен, себебі тез лас болатындары осылар».
Қаламызда күніне 2-3 көше бойы тазартылып, жуылып тұрады. Ал бүгін Республика даңғылы мен Тәуке хан көшелерін 5 техника 2 топқа бөлініп, тазартып шақты.
Әсел Мәлік