АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» кәсіпкерден берілген несиені мерзімінен бұрын талап етті

0

Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірнеше мәселе қаралды.

Іс-шараға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы, Оңтүстік Қазақстан облысының жылыжай қауымдастығы, Түркістан облысы бойынша жер ресурстарын басқару депратаменті, Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы және Түркістан облысының қала, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Көтерілген сұрақтарының бірі – ол жылыжай бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арасындағы мәселелер.
Мәселен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына «Бақыт-Ислам» ЖШС-нің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету туралы өтініші түскен. Өтініш мәтіні және кәсіпкермен ұсынылған құжаттары бойынша: ЖШС-мен 2019 жылғы 2 тамызында, 2019 жылғы 10 желтоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және кәсіпкерлік субъектісі арасында несиелік келісім-шарттар жасалып: жылыжай кешенінің жабдықтарын сатып алу үшін жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесімен несие алынған. Корпорация жабдықтарды жеткізуші ретінде «PROTAR» ЖШС-н белгілегендіктен, «Бақыт-Ислам» ЖШС осы компаниямен жабдықтарды жеткізу және жылыжай кешенін монтаждауға шарт жасқан. «PROTAR» ЖШС-на ақысы төленгенімен жабдықты толық жеткізуді қамтамасыз етпеген. Осы негізде, «Бақыт-Ислам» ЖШС басқа компаниямен шарт жасасып, құрылыс жұмысын толық аяқтаған.

Алайда, «Бақыт-Ислам» ЖШС-нің кінәсі болмаса да 2022 жылғы 21 маусымда корпорация Серіктестіктің қарыз сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу және несие шарты бойынша есептелген айыппұлын төлеу туралы талап қойылды. Қазіргі таңда кәсіпкер барлық құрылыс жұмысы толық бітіп, енді өңдіріс шығару жұмыстарын бастайын десе жоғарыдай проблема көтерілуде, сондай-ақ бұл кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Өтініш беруші тарапынан бұл мәселе туралы бірнеше рет тек корпорацияға ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік кірістер органдары, экономикалық тергеу органы және прокуратураға жазған болатын. Бұндай мәселе жүйелі болғандықтан, Палата тарапынан Кеңес отырысына шығарылып, нәтижесінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның басшылығымен шартта көзделген жұмысын «PROTAR» ЖШС-і аяқтамай және тапсырыс берушіге тиісті құжаттарын ұсынбаған жағдайда АНК АҚ-филиалымен кәсіпкерден берілген несиені мерзімінен бұрын талап етілмеу туралы ұсыныс жолдау шешілді.