Арғынбеков-Бәйдібек би даңғылы қиылысындағы жолайырық 3 қабатты болады

43

Арғынбеков көшесі-Бәйдібек би даңғылы қиылысындағы жолайырық 3 қабатты боладыМұны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.   Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайырық құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Ұ. Арғынбеков көшесінің бір бөлігін қыркүйек айының аяғында ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Жоба 2023 жылдың аяғында аяқталады. 3 қабатты жолайырық болады. Сол себепті, қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз.  Біз барынша жол кептелісін шешу мақсатында, құрылыс аяқталмаса да, рет-ретімен жолдарды ашуды көздеп отырмыз. Бұл мектеп емес жауып тастап, аяқтап 100% кейін пайдалануға берілетін. Сондықтан, кезең-кезеңімен бір жерін жапсақ бір жерін ашып жұмыс жасап жатырмыз. Үлкен жұмыстың бірі: бұл – инженерлік инфрақұрылымды аударып өткізу. Бүгін жасамасақ, кейін қиындау болады. Өйткені қаламыз күн сайын өсіп жатыр. Күн өткен сайын көліктер еселеп артуда. Бұл ретте жолайрықтардың атқарар рөлі орасан», – деді М. Исахов.