«Бағасынан сапасы қымбат»: Жүргізушілер неліктен Lada автокөлігін таңдайды?

116

Шымкенттегі Lada брендінің ресми дилері NOMAD MOTORS SHYM автосалоны жүргізушілерді көлік алуға шақырады. Мұнда танымал брендтің бірнеше түрін кездестіруге болады. Сондай-ақ орталық автокөлік жөндеу қызметін де ұсынады. Ал мұнда темір тұлпар алудың қандай мүмкіндіктері қарастырылған?

Шымкентте Lada автокөлігінің ресми дилерлік орталығы жұмыс істеп жатқанына шамамен 4 ай болды. Десе де, орталық аз уақыттың ішінде келушілердің көңілінен шығып үлгерді. Тұрақты клиенттерінің айтуынша, аталған салонның басқа брендтерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, мұндағы заманауи автокөліктер жайлы әрі қолжетімді. Ал бұл жүргізушілер үшін өте маңызды.

Әділхан Серікбайұлы, Шымкент қаласының тұрғыны: «Кеше ғана біреуін алдым. Енді екіншісін көріп жатырмын. Келіңіздер, өте керемет машилар арзан бағада. Жағдай жасалған. Ескі машинадан шаршағандар келіп жаңа машина мініңіздер. Мен Lada Granta алдым. Өзім ұнатып алдым. Машина ішінің кеңдігі, айрбаг, иномаркада не бар? соның бәрі бар ғой мұнда. Кондиционер де бар. Автомат коробка. 4 электро пакет бар. Артыңғы айна электронды».

Автосалонда Лада маркалы көліктердің кең ассартименті бар. Тиісінше, олардың бағасы да әр түрлі. Орталық мамандарының айтуынша, ең бастысы келушілердің көңілінен шығу. Айтпақшы, мұнда темір тұлпарды 4 пайыздық несиемен алуға болады.

Дүйсенбек Ерболат, «NOMAD MOTORS SHYM» дилерлік орталығының сатушы-консультанты: «Бізде тек қана лада автокөліктері сатылады. Ең арзан автокөлік Лада гранта 4 млн 790 мың тг-ден басталып, Lada Vesta Cross 8 млн 990 мың тг ден аяқталады. Сосын бізде келесі айда 4 пайыздыққа 50 автокөлік бөлінген»

Сондай-ақ мұнда Еуразиялық банк арқылы алқашқы жарнасыз 300 теңге жеңілдікпен несие рәсімдеуге де мүмкіндік қарастырылған. Егер өтінішіңізді мақұлданса, бір күн ішінде көлікті алып кетуіңізге болады. Ал сатып алғаннан кейінгі бірнеше жылда дилерлік орталықта кепілдік бойынша қызметтерге жүгіне аласыз.

Жанұзақ Қостай, «NOMAD MOTORS SHYM» дилерлік орталығының сату жөніндегі менеджері: «Бізде автосалон қызметі бар. Барлық көліктерге үш жыл немесе 100 мың шақырымға кепілдік беріледі. Жүргізуші оған алаңдамауына болады. Және кез келген уақытта клиент біздің қызметімізге жүгіне алады, бізде арнайы мамандар бар».

Айта кетейік, «NOMAD MOTORS SHYM» орталығының техникалық қызметін тек тұтынушылар ғана емес, сонымен қатар «Лада» көлігінің ақауы бар кез келген автокөлік жүргізушілері пайдалана алады. Мұндағы мамандар тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге қашанда дайын. Ал дилерлік орталық Бегалиев көшесі 4\1, Темірлан тас жолының бойында орналасқан.

МЕКЕН-ЖАЙЫ: БЕГАЛИЕВ КӨШЕСІ 4/1, ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДА
Телефон: +7 (7252) 60 00 13
+7 701 052 52 20