Бөлшек саудада газ қымбаттамайды

70

Сұйытылған газдың шекті көтерме бағасының өсуі көгілдің отынның бөлшек саудадағы құнына әсер етпейді.

Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады. Ведомстваның мәліметінше газдың көтерме бағасы тоннасына 20 пайызға артып, 33 мың теңгеден асқан. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылға дейін шекті бағаны ұстап тұратынын айтты. Соның арқасында газ құны жеке тұтынушылар үшін өспейді деп есептейді.

Әр аймақта литрі 50-75 теңге аралығында қалады. Министрліктің хабарлауынша, бұл газ өндірушілер мен оны сатушылар арасындағы кірісті әділ бөлісуге мүмкіндік береді.

Шынар Оразова