Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният Шымкенттегі сапарынан кейін Түркістан облысына барды. Денсаулық сақтау министрі жаңадан салынып жатқан жедел жәрдем стансасы мен оңалту орталығының ғимаратын аралап, облыс тұрғындарымен кездесті. Азаматтар министрге тікелей жауал жолдап, мәселелерін көтерді.
Бұл адам өмірін өлімнен арашалап қалатын ақ халатты абзал жандар. Түркістан облысында мұндай жедел жәрдем бригадалары жүзден асады. Пандемия кезінде дәрігерлердің жүктемесі еселеп артты. Расында, қауіптің ортасында жұмыс істеу оңай емес. Бірақ ауру басылған күн олар үшін мереке болды.
Бүгінде қуанышқа тағы бір себеп бар – күнгей өңірде жаңа, заманауи апаттық станция салынды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігерлердің облыс тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсете алатынын өз көзімен көру үшін арнайы іс-сапармен келді.
Фельдшер мен дәрігерден құралған бригадалар жылына 70 000 шақыртуға қызмет көрсетуге дайын. Қазіргі таңда науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін заманауи үлгідегі 177 жедел жәрдем көлігі бар. Бұл шамамен халықтың 70 пайызын қамтиды.
Бұл жаңа жедел жәрдем станциясының ғимараты! Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған Орталық кардиостимулятор, электрокардиограф, жасанды тыныс алу аппараттарымен жабдықталған. Орталықта АҚШ-та біліктілігін арттырудан өткен мамандар жұмыс істейді.
Жедел жәрдем орталығы жеке инвестиция есебінен салынған. Оған шамамен бір жарым миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Паскаль Пастейн, инвестор: «Біз мұндай проекті қаржыландырғанымызға өте қуаныштымыз. Бұған шамамен 1,4 млрд теңге жұмсалды. Әрине, бізде облыс көлемінде қаржыландырып отырған басқа да жобалар бар. Бұған дейін мектеп, балабақшалар салдық. Алдағы уақытта да біршама жобаларға қолдау көрсету жоспарда бар».
Түркістан облысында медицина саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыс атқарылуда. Жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктілігі артып жатыр. Сондай-ақ цифрландыру қолға алынған. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды дейді еліміздің бас дәрігері.
Мөлдір Ибадуллаева