Елімізге санкциялар әсері қандай?

12

Ресейге салынған санкция салқыны Қазақстанға тимей ме? Өткен аптада АҚШ-тың сауда министрлігі 9 елдегі 36 компанияны қыспаққа алды. Енді оларға АҚШ-тың халықаралық санкциялар туралы заңдарын бұзғаны үшін американдық технологиялар мен тауарлар қолжетімсіз.

Тізімде Қытайдағы 25 компания бар. Қалғаны Ресей, БАӘ, Литва, Пәкістан, Сингапур, Ұлыбритания, Вьетнам және Өзбекстан. Ал жекелеген қазақстандық компаниялар осындай жағдайға тап болуы мүмкін бе?

BES.media осыған қатысты сарапшылармен сөйлесті. Сонымен қаржы жөніндегі сарапшы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, біздің елге қарсы сақтандыру санкциялары іс жүзінде мүмкін емес. Алайда,американдық технологиялар, техника заңды тұлғаларға қатысты санкция болуы мүмкін.

Шынар Оразова